Түркістан-Қызылорда облыстары бойынша 
өңіраралық заң консультанттары палатасы

БІЗ ТУРАЛЫ
        2018 жылғы 10 қазанда жалпы жиналыс хаттамасына сәйкес, «Түркістан облысының заң кеңесшілері» қоғамдық бірлестігі болып құрылып, Түркістан облыстық Әділет департамінде тіркеуден өткен. 2019 жылғы 10 қазанда  «Түркістан облысының заң кеңесшілері» қоғамдық бірлестігі Түркістан облысының заң кеңесшілерінің палатасы болып қайта құрылды. 2021 жылғы 9 қыркүйекте жалпы  жиналыс  отырысының хаттамасына сәйкес, Қызылорда облысы бойынша заң консультанттары палатасы Түркістан облысы заң кеңесшілерінің палатасына қайта ұйымдастырумен қосылып, палатаның атауы Түркістан-Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық заң консультанттары палатасы болып өзгертіліп, Түркістан облысы Әділет департаментінде 2021 жылғы 14 қыркүйекте қайта тіркеуден өткен. Заң көмегін көрсету жөніндегі қызметті реттеу және өзінің мүшелерінің Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, Палатаның қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын сақтауы бөлігінде олардың қызметін бақылау мақсатында құрылған, заң консультанттары палаталарының тізіліміне енгізілген. Палата өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері мен осы Жарғыны басшылыққа алады.   
Палатаның толық атауы: 
мемлекеттік тілде – Түркістан-Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық заң консультанттары Палатасы
орыс тілінде – Межрегиональная палата юридических консультантов по Туркестан-Кызылординской области             
Палатаның қызметінің мақсаты мен негізгі түрі жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында заң көмегін көрсету болып табылады.  

РЕСМИ ЖЕТЕКШІ

ТӨРАҒА

Оракбаева Айгуль Альхановна

Алқалы орган мүшелері:

Дуйсенбиев Бахитжан Айтжанович Канатов Кудайберген Алибекович Жұмабайұлы Айдос Туймебаев Айни Тилеубергенович Кошкаров Кулажан Акынбабаевич

Тәртіптік комиссия мүшелері:

Каримбаев Нурсултан Сарсенбаевич – комиссия төрағасы Жуантаев Кудайберген – комиссия мүшесі Самиева Санабар Садуллаевна – комиссия мүшесі Алимбеков Бахытжан Арыстанович – комиссия мүшесі Ахмадеева Гульмира Наильевна – комиссия мүшесі Ильясов Рахымжан Молдабайулы – комиссия мүшесі Атаметов Бахрам Кадирханович – комиссия мүшесі

Аттестация комиссия мүшелері:

Естебеков Нуркен Алтынбекович – комиссия төрағасы Найзабеков Марат Бектемирович – комиссия мүшесі Сайджаппаров Азамат Абдуллажанұлы – комиссия мүшесі Амзеев Марат Куатбекович – комиссия мүшесі Алдамжарова Алия Пазылбековна – комиссия мүшесі

Жарғы

Тәртіптік комиссия туралы Ереже

Заң консультанттары палатасы мүшелерінің кәсіби мінез-құлық ережесі

Аттестаттауды өткізу тәртібі мен шарттары туралы Ережесі

Өлшемдер заң консультанттары палатасы мүшелерінің заң көмегін көрсетудегі сапасын арттыру

«Аманат» партиясының Қызылорда қалалық филиалынан алынған марапат

«Аманат» партиясының Қызылорда қалалық филиалынан алынған марапат

«Аманат» партиясының Қызылорда қалалық филиалы Түркістан-Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық заң консультанттары палатасының заң консультанты Кайырбекова Балжан Кожабековнаны 30 тамыз Конституция күніне орай қоғамның өркендеуіне қосқан үлесі үшін, партиялық жобалардың іске асуына белсенділік танытып, қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып жүргені үшін Алғыс хатпен марапаттады.

«Аманат» партиясының Қызылорда қалалық филиалынан алынған марапат - Копия

«Аманат» партиясының Қызылорда қалалық филиалынан алынған марапат - Копия

«Аманат» партиясының Қызылорда қалалық филиалы Түркістан-Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық заң консультанттары палатасының заң консультанты Кайырбекова Балжан Кожабековнаны 30 тамыз Конституция күніне орай қоғамның өркендеуіне қосқан үлесі үшін, партиялық жобалардың іске асуына белсенділік танытып, қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып жүргені үшін Алғыс хатпен марапаттады.

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ, ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ БАСТЫ КЕПІЛІ!

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ, ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ БАСТЫ КЕПІЛІ!

Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрағасы Пернебаева Гүлнара Жексембаевна жаңа Конституцияға қатысты өз пікірін білдірді.   «Мен жаңа Конституциядан ең алдымен әділеттілікті, заң алдындағы теңдікті, жауапкершілікті, ашықтықты және халық мүддесінің қорғалуын көремін. Менің ойымша, жаңа Конституция – еліміздің болашағына бағытталған маңызды тарихи қадам. Конституцияның басты құндылығы – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Заң үстемдігі орнаған жерде әділеттілік салтанат құрады, ал әділетті қоғамда тұрақтылық пен сенім қалыптасады. Біз үшін тек заң қабылдау жеткіліксіз. Ең бастысы – оның талаптарын өмірде мүлтіксіз орындау. Әрбір азамат өз құқығын біліп, міндеттерін адал атқарғанда ғана құқықтық мемлекет қалыптасады. Менің ұстанымым айқын: Конституция – жай ғана заңдар жинағы емес, ол – халықтың сенімі, мемлекеттің тірегі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміз! Еліміздің іргесі берік, тәуелсіздігіміз тұғырлы, заңымыз үстем, халқымыз бірлікте болсын!»

Жүктеп алу үшін сілтемелер

Қызмет ақысы жөніндегі мәлімет

​Бағалар​​​

Палатаға кіру

  • Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы
  • Түркістан қаласы, Ж. Кенжебай көшесі, 42

Мемлекет кепілдік берген және кәсіби заңгерлік құқықтық көмек — бұл азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған заңды шаралар жүйесі. Қазақстанда бұл сала «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» ҚР Заңымен реттеледі.


*
*